$ 494.87  520.65  4.91

Елбасының сенімді адамы, тәжірибелі дипломат: Тоқаев жайлы не білеміз?

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жанында 45 жыл жұмыс істеп келе жатқан сенімді адамы. Ол министрлікті, министрлер кабинетін, Сенатты басқарып, Қазақстанның халықаралық ұйымдарында қызмет атқарды. Елбасы Назарбаев Қазақстан халқына арналған соңғы үндейінде Тоқаев жайлы былай деген еді: «Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап менімен бірге жұмыс істеп келеді. Мен оны жақсы білемін. Ол – адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты сезінеді. Ол барлық бағдарламаларды әзірлеуге және қабылдауға атсалысты».

Осы орайда дәл Тоқаев еліміздің стратегиялық даму бағытын әрі қарай сәтті жалғастыра алады. 

1. Тоқаев –  әлемдік деңгейдегі дипломат. Ол халықаралық дәрежедегі тәжірибелі дипломат, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосын екі рет басқарған, оның ішінде алғаш рет ҚР сыртқы істер министрлігі лауазымына мемлекетіміздің әлемге белгілісіз және енді қалыптасқан жас кезінде кірісті. Тоқаев әлемдік дипломатияның қыр-сыры мен ішкі тынысын жақсы біледі және Қазақстанның мүддесін жоғары дейгейде, сауатты әрі лайықты түрде қорғай алады.

2011 жылдың наурыз айында БҰҰ Бас хатшысы Тоқаевты өзінің орынбасары етіп тағайындады, оған қоса ББҰ Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, БҰҰ Бас хатшысының қарусыздандыру туралы конференциясындағы жеке уәкілі етіп тағайындады. Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының он шақты сессиясында Қазақстан Республикасына қатысты. 

2. Тоқаев – жоғары білімді полиглот. Ол Алматы қаласындағы француз тілін тереңдетіп оқытатын № 25 лингвистикалық гимназия түлегі. Француз тілінен басқа, орыс, ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Оның бірнеше тілдерді меңгеруіне шет тілдері институнда дәріс беретін анасы Тұрар Шабарбаева әсер етуі мүмкін. Әкесі Кемел Тоқаев болса, жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы адам.  

3. Тоқаев – ешбір кланға жатпайтын адам!  Ол түрлі саяси топтардан аулақ, ешбір ықпалды топқа жатпайтын адам.   

4.  Тоқаев – кез келген мәселені дау-дамайсыз, бейбіт шешетін политик. Жауапкершіліктен қорықпайды, қажет болған жағдайда қатаң, жағдайды шешу үшін қажет шешімді қабылдай алатын адам. Жер кодексіне аты шулы өзгерістер енгізу кезінде 2016 жылдың 29 сәуірінде Сенатта өткен тыңдалымда ол «Ауыл шаруашылық жерлері шетелдіктерге сатылмай деп растама беру керек. Сонымен бірге кімде-кім бұл заңды түрлі айламен заңды айналып өтпеуі үшін, заңмен және басқа да жолдармен сол маңызды тәртіпті сақталуын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы Мемлекет басшысының жерді тиімді және дұрыс пайдаланудың ұлттық құзыреті туралы талаптарын бұлжытпай орындау қажет» деді.

5. Тоқаев – әділ адам. Ол жемқорлық мәселесін шешуге дайын. Кемелұлы бірде-бір жемқорлық жанжалына іліккен емес, президент болғаннан кейін жемқорлықпен қатал күресетінін мәлімдеді. 

Тоқаев ашықтық пен шынайылық қағидаларын ұстанады. Барлық өңір әкімдерін халыққа жақын болып, жиі диалогқа шығып, әлеуметтік желілерге тіркелуге шақырды. Биліктің халықпен диалогының жаңа форматы тек сөз емес екенін өзі дәлелдеп, бәріне үлгі бола білді.

Тоқаев – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолының бастауында болған мемлекеттік қайраткердің бірі. Еліміздің құрылуы, аяққа тұруы кезінен осы күнге дейін барлық кезеңдерінде басы қасында жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары