АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылман елдерінің дипломаттарын Ақ үйдегі ауызашарға шақырды, деп хабарлайды golos-ameriki.ru.
Дональд Трамп, Ақ үйде мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүрген мұсылман елдерінінің елшілері мен дипломаттарын кешкі аста қабылдау «үлкен мәртебе» екендігін атап өтті.
Трамп Разаманды "қайырымдылық уақыты" деп атады.
Президент соңғы апталарда Жаңа Зеландия, Шри-Ланка және Америка құрама штаттарындағы мұсылмандарға, христиандарға және еврейлерге жасалған шабуылдарға байланысты түрлі дін өкілдері үшін "өте қиын кезең" болғанын айтты.