Украинаның экс-президенті Виктор Янукович әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған Андрей Портнов бұрынғы мемлекет басшысы Петр Порошенкоға қарсы мемлекеттік тергеу бюросына өтініш жасады, деп хабарлайды Lenta.ru.
Портновтың айтуынша, Порошенко мемлекеттік билікті басып алып, опасыздық жасамақшы болды. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Порошенкоға қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды. Олардың арасында жемқорлық, Украинаның қауіпсіздік қызметінің құпия түрмелерінің болуы және басқа да айыптаулар бар.
Портнов 2014 жылы Киевтегі төңкерістен кейін Украинадан көшіп кеткен. Алайда, президенттік сайлауда Зеленский жеңіске жететін болса елге оралатынын айтқан. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Андрей Портнов 19-мамырда президенттің ұлықтау рәсіміне бір күн бұрын келген.