ҚР Парламент сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
20 мамырда Бектас Бекназаров Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсіміне қазақстандық делегацияны басқарып келді. Салтанатты рәсімнен кейін Бекназаров ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бүкіл Қазақстан халқының атынан Владимир Зеленскийді Украина президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Украина халқының бақытына қызмет етуге тілектестік білдірді.
Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында Қазақстан-Украина қарым-қатынасын кеңінен дамыту мәселелерін талқылады.