23.05.2019, 16:40

Атыраудағы химзауыттан өрт шықты

ФОТО: ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі
Өрт шыққаны жайлы хабар сағат 11:24-те түскен. Комитеттің мәліметінше, зауыттың 25 шаршы метрі өртенген. Өрт сағат 14:32 толық сөндірілген.

Бүгін, 23 мамырда Атыраудағы химзауыттан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.

Өрт шыққаны жайлы хабар сағат 11:24-те түскен. Комитеттің мәліметінше, зауыттың 25 шаршы метрі өртенген. Өрт сағат 14:32 толық сөндірілген. 

Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. 

Қызыл жалынды өшіруге Атырау облысы ТЖД-нің 10 өрт сөндіру техникасы мен 42 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Тегтер: Атырау өрт