«Мен ояндым!» Бірнеше қоғам белсендісі осындай атаумен жаңа челлендж бастады. Видео Whastsapp месенджері арқылы тарап жатыр.
Кадрда актер Ануар Нұрпейісов бастаған жастар қоғамдағы проблеларды жеке-жеке бір сөйлеммен жеткізеді.
«Мен халық пікірімен санаспай, 1 күнде елорда атын өзгерте салатын елде ояндым», «Мен сөз бостандығы жоқ елде ояндым», «Мен интернетті бұғаттайтын елде ояндым», «Мен сотта әділдігі жоқ елде ояндым», «Мен 30 жыл бойы 1 пәтер сатып ала алмайтын елде ояндым», «Мен бейбіт митингіге шыға алмайтын елде ояндым» – деді олар.
Белсенділер сөз соңында «Ал сен қашан оянасың?» деп көпшілікке сауал тастады.