Жиында қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев сөз алып, бұл салада атқарар жұмыс көп екенін атап өтті.
– Еңбекті қорғау қоғамдағы көп талқыға түсетін мәселелердің біріне айналған. Жалпы еңбек жағдайлары бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін де айқындайды. Сол себепті жұмыс беруші компаниялар жауапкершілікті күшейткені жөн. Адамдардың бейқамдығы, қауіпсіздік техникасы ережелерін білмеу және жұмыс берушілер тарапынан да көптен кемшіліктер бар. Құрылыста қауіпті құралдар мен механизмдерді, өте ауыр және өткір металл бұйымдарды пайдаланғандықтан, құрылыс алаңдарында қызметкерлер ең қауіпті жарақаттарға және мертігуге ұшырауда. Осының бәрі әр қызметкерді қауіпсіздік техникасының ережелерін барынша сақтауға міндеттейді. Ал құрылысшыларға өз алаңында тегін семинар ұйымдастырған "BI Group" компаниясына алғысымызды айтамыз, - деді Б. Мамыталиев.
Іс-шараны өткізудегі басты мақсат - өндірістік жарақаттану және кәсіптік дерттердің ауқымы мен салдары туралы ақпараттандыру. Семинарда құрылыс компанияларының өкілдері бір-бірімен тәжірибе алмасты.
«SN.kz» - ақпарат»