$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бастау алды

Шымкент қаласының әкімдігі бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтініштерді аудан әкімдіктерінде кабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталғанын айта кетейік.

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі.  Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz сайтынан және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресуртарынан танысуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2019 жылғы 13 мамырға дейін Шымкент қаласының аудан әкімдіктерінде қабылданатынын естеріңізге саламыз. Байланыс телефондары: Абай ауданы бойынша - 77-09-13, Әл-Фараби ауданы бойынша - 54-07-92, Еңбекші ауданы бойынша- 53-27-41, Қаратау ауданы бойынша- 77-45-96. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.

 «SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары