Ереженің 35-тармағына сәйкес, Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.
Сондай-ақ, осы әрекетті бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 305-бабы әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осыған байланысты, жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтауды ұсынады.
«SN.kz» - ақпарат»