$ 494.87  520.65  4.91

Путин: ДАИШ лаңкестерін «Үлкен жиырмалық» қаржыландырады

«ДАИШ лаңкестерін «Үлкен жиырмалық» елдері қаржыландырады». Ресей президенті Антальяда аяқталған «G20» саммитінің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында осыны мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.

Путиннің айтуынша, лаңкестерді 40 мемлекеттің жеке тұлғалары қаржыландырады екен. Олардың қатарында G20 құрамына кіретін елдер де бар. Бірақ нақты қай мемлекеттер екенін Путин атамады. Екі күнге созылған форумда әлемнің ірі 20 елінің басшылары ауа-райының өзгеруі, босқындар мәселесі, Дүниежүзілік валюта қорындағы реформаларды сөз етті.

Тіпті Украинаның Ресей алдындағы қарызы туралы мәселелер де қараусыз қалмады. Саммит қорытындысы бойынша «Үлкен жиырмалық» басшылары шекарада бақылау мен әуе қауіпсіздігін күшейту, лаңкестерді қаржыландыру жолдарын жою туралы келісімге келді.

«Бұл тақырып ең өзекті мәселенің бірі болды. Әсіресе Париждегі оқиғадан кейін. Лаңкестерді қаржыландыру жолдарын жою керектігін жақсы түсінеміз. Мен қаржыландыру жеке адамдар тарапынан екенін мәлімдедім», – дейді Ресей президенті Владимир Путин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары