Саясат 31.05.2019 сағат 16:06  391

«Қытайға жер сатылған жоқ»: Күршім ауданы басшысы желідегі қауесетке қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Күршім ауданының ауыл шаруашылығы жерлерінде өзіміздің азаматтар қалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағып, еңбектеніп жатыр. Жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын!», - дейді Дулат Қажанов.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Күршім ауданы әкімі Дулат Қажанов «Қытайға Күршім ауданының жері сатылып кетті» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды SN.kz тілшісі. 

«Күршім ауданында жер сатылды» деген жалған ақпарат әлеуметтік  желі, уатсап топтары арқылы тарап жатыр. Ақпараттың еш негізсіз екенін мәлімдеймін», - дейді ол.

Аудан әкімінің айтуынша, ҚР "Жер туралы" заңына сәйкес, шетелдіктерге жер беруге мораторий жарияланған. Жер тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік үлесі жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға беріледі.

«Күршім ауданының ауыл шаруашылығы жерлерінде өзіміздің азаматтар қалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағып, еңбектеніп жатыр. Жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймын!», - дейді Дулат Қажанов.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар