ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Шымкент Орталық Азияның қуатты экономикалық орталығына, қонақтар мен тұрғындарға арналған қолайлы жағдайлар жасалған ірі әрі тартымды мегаполиске айналуы тиіс. ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапары барысында мегаполис төңірегіндегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың іске асырылуын тексерді. «Тұран» шағынауданында ұзындығы 3,3 шақырым болатын үш магистральді көшенің бірі — жол инфрақұрылымының құрылысы қаралды. Премьер-Министрге осы жылдың соңына дейін жолдың пайдалануға берілетіні баяндалды. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін велосипед жолдары қарастырылған. Жалпы, аталған тұрғын шағынауданда 7,7 шақырым жол инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарымен қамтылған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылдың ІІІ тоқсанының соңына дейін жаңа автоматтандырылған газ таратушы станция салынады, ол артып келе жатқан сұранысты ескере отырып, шалғайдағы елді мекендердің, соның ішінде «Тұран» шағынауданының тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге жол ашады.
«SN.kz»-ақпарат.