Қала әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, «Бозарық 220/110/10 кВ» биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде, шамамен 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
«Тассай» индустриялық аймағының аумағында Премьер-Министр А. Мамин «Asia Trafo» ЖШС жаңа зауытының технологиялық өндірістік процесімен және электротехникалық зертханасының жұмысымен танысты. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорын қуаттылықтары 110-220, 500 кВ дейін жететін трансформаторлар шығарады. Биыл 7 миллиард теңге сомасына өнім шығару жоспарланған. Жыл сайынғы көлемі 120 бірлікті құрайтын жоғары сапалы заманауи өндірісті жергіліктендіру ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандырып, энергетикалық жабдықтардың 40%-ға жуығын ТМД, Иран, Ауғанстан, Пәкістан және т.б. елдерге экспорттауға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 220 адам жұмыс орындарымен қамтылған.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды тексеру қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің басшысына құрылуы қолда бар аумақтарды барынша толықтыруға бағытталған «Жұлдыз» көпсалалы индустриялық аймағы және мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін қамтамасыз етуге бағытталған «Шымкент» агроиндустриялық аймағы таныстырылды. Елбасы тапсырмасы бойынша дамытуға 600 миллиард теңге қаражат бөлінген «қарапайым заттар экономикасы» мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Премьер-Министрге халық тұтынатын тауарлар өндірісін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасалғаны баяндалды. Соның нәтижесінде, бүгінгі таңда мегаполис үлесіне Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көлемінің 23% тиесілі.
«SN.kz»-ақпарат.