Саясат 22.05.2019 сағат 10:25  94

Шымкентте Қазақстан Халқы Ассамблеясының алғашқы қалалық сессиясы өтті

Шымкентте Қазақстан Халқы Ассамблеясының алғашқы қалалық сессиясы өтті. Елдегі бейбітшілік пен татулықты орнықтыруға бағытталған өңірлік басқосуда республикалық жиында айтылған ой-пікірлер сараланды. Оны шаһарымызда іске асыру жолдары нақтыланды.
Шымкентте Қазақстан Халқы Ассамблеясының алғашқы қалалық сессиясы өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атап айтқанда, ағымдағы жылы қала экономикасын тағы 10 пайызға өсіру керектігі, үй мәселесі мен азаматтарды 100 пайыз жұмыспен қамту тақырыптары көтерілді. Ол үшін биылғы жылы қала құрылысын 2 есеге көбейту жоспарланған. Жергілікті өнімдердерді қолдау да басты назарда.

Айта кету керек, былтыр ғана құрылған қалалық Ассамблея жанынан қоғамдық келісім кеңесі, аналар кеңесі мен медиация кеңестері ашылды. Миллион тұрғыны бар шаһарда бүгінде 100-ден аса этнос өкілдері тұрады. 15 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Сессияда тиісті мекемелер мен ұйымдарға бірқатар тапсырамалар берілді.

Арзу Гурбанова, Әзірбайжан этномәдени орталығының төраға орынбасары: «Қазақстанда ең маңызды деп табылатын Шымкент қаласы көп ұлттылығымен маңызды. Себебі көп ұлттар Шымкент қаласында тұрады. Бұл елдер арасындағы достықты өздерінің ғана салт-дәстүрін сақтап қана қоймай, қазақтың да салт-дәстүрін қолданып келе жатыр».
 

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар