Саясат 01.06.2019 сағат 14:42  81

Шымкентте Жастар мәслихатына кандидаттар құжаттарын өткізе бастады

Мәслихатқа мүше болған азаматтар қала жастарының өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстар жолдайды. Жастар мәслихатына Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше бола алады. Жалпы, мәслихат 29 жас депутаттан құралып, өкілеттілігі екі жылға созылады.
Шымкентте Жастар мәслихатына кандидаттар құжаттарын өткізе бастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кандидаттардан құжаттарды қабылдау 3-12 маусым күндері аралығында жүреді. Белгіленген 10 күннің ішінде төмендегі құжаттар «Google» формасы арқылы қабылданады: -куәлік; -өмірбаян; -жетістіктері; -эссе; -бейнеролик; -ұсыным хат;
-мекенжай туралы анықтама;

Сондай-ақ, сайлау комиссиясы Instagram әлеуметтік желісінің @resurstyq_ortalyq парақшасында кандидаттардың бейнероликтерін жүктейді. Нәтижесінде бейнеролик 2 000 онлайн лүпіл жинауы қажет. Егер түрлі себептерге байланысты әлеуметтік желіге тіркелмеген азаматтар болса, олар 500-ден аса қол жинау керек.

Ал 13-15 маусым күндері үміткерлерге Telegram (t.me/jastarmaslihaty) әлеуметтік желісі арқылы дауыс беріледі. Дауыс беру нәтижесінде Жастар мәслихатына 29 депутат, ал резервке 11 депутат көпшілік дауыспен анықталады. Аталған тәртіптің заңдылығын сайлау комиссиясы қадағалайды. Шымкент қалалық Жастар мәслихатына тіркелу формасы 3 маусымда жарияланады.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар