$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «Аманат» азаматтық платформасының атқарған жұмыстары сараланды

Шымкент қаласында «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу бойынша азаматтық платформасының атқарған жұмысының кезеңаралық қорытындысына арналған баспасөз жиыны өтті. Айта кетерлігі, «Аманат» қоғамдық ұйымының жұмысы 22-ші сәуірде басталған болатын. Ал бүгінде оның бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыс орталығында ашылған.

«Аманат» 28 сәуір – 31 мамыр уақыт аралығында еліміз бойынша 424, Шымкент қаласы бойынша 30-дан аса іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, олар ОСК, Аймақтық сайлау комиссиясы және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері қатысумен өткен түрлі кездесулер. Сондай-ақ, Президенттікке үміткер кандидаттардың штаб-пәтерлері өкілдерімен және сайлау күнінен дайындық жүргізіп жатқан сайлау бөлімшелерінің жұмыс барысын көру, тексеру болды.

«Аманат» азаматтық тұғырнамасының Шымкент қаласындағы штабының жетекшісі Ербол Дайраштың мәлімдеуінше, қаламызда «Аманат» қоғамдық платформасы сайлаушыларға, журналистерге және тәуелсіз бақылаушы азаматтарға арнап тренингтер өткізді. Қазіргі таңда республика бойынша «Аманат» негізінде 6 мыңнан астам, Шымкентте 200-дей бақылаушы оқытылды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары