«Аманат» 28 сәуір – 31 мамыр уақыт аралығында еліміз бойынша 424, Шымкент қаласы бойынша 30-дан аса іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, олар ОСК, Аймақтық сайлау комиссиясы және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері қатысумен өткен түрлі кездесулер. Сондай-ақ, Президенттікке үміткер кандидаттардың штаб-пәтерлері өкілдерімен және сайлау күнінен дайындық жүргізіп жатқан сайлау бөлімшелерінің жұмыс барысын көру, тексеру болды.
«Аманат» азаматтық тұғырнамасының Шымкент қаласындағы штабының жетекшісі Ербол Дайраштың мәлімдеуінше, қаламызда «Аманат» қоғамдық платформасы сайлаушыларға, журналистерге және тәуелсіз бақылаушы азаматтарға арнап тренингтер өткізді. Қазіргі таңда республика бойынша «Аманат» негізінде 6 мыңнан астам, Шымкентте 200-дей бақылаушы оқытылды.
«SN.kz» - ақпарат»