Саясат 03.06.2019 сағат 10:16  162

Шымкентте «Жастар мәслихатына» 29 депутат сайланады

Шымкент қаласында жастардың мәселесін көтеретін, көтеріп қана қоймай, оны басшылыққа тікелей жеткізетін өкілдік жасақталатын болады. Жастардан құралатын халық қалаулылары жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайтын болады.
Шымкентте «Жастар мәслихатына» 29 депутат сайланады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көпшіліктің дауысы арқылы Шымкент қаласының аумағында тұратын 14-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары «Жастар мәслихатына» сайлауға түседі. Бұл туралы Жастар ресурстық орталғында өткен баспасөз жиынында басшының міндетін атқарушы Нұрдәулет Тәңірберген мәлімдеді.

Жастарға бағытталған жаңа өкілдік құру туралы мәселе қалалық қоғамдық кеңестің үшінші отырысында ұсынылған. Аталған басқосудан табылған халық қалаулыларымен қатар қала әкімі де бұл ұсынысты қолдаған. Ал Жастар ресурстық орталығы осы бағдарламаның үйлестірушісі деп танылды.

– Сайлау екі кезеңде жүзеге асады. Кандидаттардан құжаттарды қабылдау 3-12 маусым күндері аралығында жүреді. Сондай-ақ сайлау комиссиясы Instagram әлеуметтік желісінің resurstyq_ortalyq парақшасында кандидаттардың бейнероликтерін жүктейді. Нәтижесінде бейнеролик 2 000 онлайн лүпіл жинауы қажет. Егер, түрлі себептерге байланысты әлеуметтік желіге тіркелмеген азаматтар болса, олар 500-ден аса қол жинау керек. Ескеретіні бұл жерде тек лайк шешпейді. Жастардың сауаттылығы, қоғамдық жұмыстарға атсалысуына да жіті мән беріледі, - дейді Н.Тәңірберген.

Ал 13-15 маусым күндері үміткерлерге дауыс беру Telegram (t.me/jastarmaslihaty) әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылады. Дауыс беру нәтижесінде, «Жастар мәслихатына» 29 депутатты, ал резервке 11 депутатты көпшілік дауыспен анықтайды. Аталған тәртіптің заңдылығын сайлау комиссиясы қадағалайды, деп атап өтті ол. Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығының мамандары бүгіннен бастап алдағы 10 күннің ішінде қажетті құжаттарды «Google» формасы арқылы онлайн түрде қабылдайды.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар