09.06.2019, 09:58

Шымкент АҚШ-тың Аризона штатымен байланыс орнатты

Бұл туралы қала басшысы Instagram әлеуметтіе желісінде хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі Ғабмдолла Әбдіраxымов америкалық делегациямен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram әлеуметтіе желісінде хабарлады. «АҚШ-тың Аризона штаты Конгресінің Өкілдер Палатасының спикері Рассел Бауэрс бастап келген американдық делегациямен кездестім. Кездесуге қатысқан АҚШ сауда-инвестициялық миссия мүшелері Шымкент пен Аризона штаты арасындағы экономикалық байланыстарды, сауда-инвестициялық айналымды ұлғайтуға дайындықтарын мәлімдеді», - деп жазды Әбдірахымов.