17.06.2019, 18:06

Шымкент: үш үміткердің бірі Сенат депутаты болады

Шымкент қаласының мәслихатында өткен «Nur Otan» партиясының фракция жиынында «Nur Otan» партиясының фракция мүшелері ҚР Парламенті Сенатынан шығып қалған депутаттың орнына кандидат ұсынды.

Сонымен, бұл жауапты лауазымға «Nur Otan» партиясы фракциясының атынан Айгүл Қапбарова, облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің директоры – бас редакторы Алишер Сатывалдиев, сондай-ақ, №45 мектеп-гимназиясының директоры Рамиля Искандерова өз кандидатурасын ұсынған болатын. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарының алдында кандидаттардың сенімді өкілдері сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Айта кетейік, аталған үш кандидаттың  үгіт-насихат жұмыстары 23 маусым күні аяқталады. Ал, сайлау 24 маусым күндіз сағат 10-00 де Түркістан сарайында өтеді. Ал, сайлау құқығы тек Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарында бар екенін айта кеткен жөн.

Ерлан Айтбаев – ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Айгүл Қапбарованың сенімді өкілі: «Айгүл Қапбарова еңбек жолын 1997 жылы облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Бүгінде «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарып келеді. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді»-деді.

«SN.kz» - ақпарат»