Жиналыс барысында қатысушылар Президент айқындаған он бағытты баяндап, іске асыру жолдарын талқылады. Алдымен Б.Нарымбетов штаб жұмысының қорытындысы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы туралы ойларын айтты.
Ал қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу және өңірлерді дамытудың жаңа бағдары жайлы, мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау туралы, ОҚМПУ проректоры Баршагүл Исабек «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының қалада жүзеге асырылуы бойынша баяндама жасады. Жиын соңында Қаулы жобасы қабылданды.
«SN.kz»-ақпарат.