30.06.2019, 20:30

Қарағандыда Астана күні қалай тойланады?

Фото: Stan.kz
Басты мақсат – жастарды отансүйгіштікке баулу, патриот жастарды көбейту. Астананамыз Нұр-Сұлтанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қарағанды қаласында Астана күні құрметіне сауық-сайрандар, көрмелер мен мерекелік конценттер өткізілетін болады. Басты мақсат – жастарды отансүйгіштікке баулу, патриот жастарды көбейту. Астананамыз Нұр-Сұлтанға деген сүйіспеншілігін арттыру. 

Мерекеге орай барлығы 60-тан астам іс-шара жоспарланған. Бастысы – «Елімнің тұмары - Елорда» концерті – 6 шілдеде сағат 12.00-де орталық саябақтың жағалауында өтеді. Сахнада президенттік оркестрдың жетекші солисті Оралхан Алтынбеков және «Қазақстан дауысы» мен «Х-фактор» тележобасының жеңімпаздары өнерлерін көрсететін болады. 

Сондай-ақ, 6 шілдеде сағат 12.00-ден бастап Жаңа Майқұдық, «Молодежный» және Теміржолшылар МҮ мерекелік бағдарламалар өткізіледі. 

Аула клубтары 29 маусымнан бастап «Мен тұратын, Аула» атты фестиваль өткізуде, балаларға арналған ойындар мен конкурстар ұйымдастыруда. Қарағандының хайуанаттар бағында мерекеге орай аттар мен аласа аттар понида серуендеу ойластырылған.

4 шілдеде Достық үйінде халық музыкасын бағалаушыларға арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында шертпекүй бойынша «Ұлы дала перзенті» фестивалі өткізіледі. Сонымен қатар, мерекеге орай Қарағанды қаласында 13 қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланған. Қала әкімдігінің қызметкерлері бірнеше ірі супермаркеттермен мереке күнінде 150 тауар түрі жеңілдікпен сатылатындығы жөнінде келісті. 

Астана күніне орай қаланы шағын тақырыптық мүсіндермен, баннерлермен және жалаулармен безендіреді. 

Мереке күндері адамдар жиналған орындарда қосымша қоқыс жәшіктері мен биодәретханалары орнатылатын болады.

Астана күні 1998 жылдан бері тойланып келеді. 2008 жылға дейін елорданың туған күні маусымның 10-ы күні аталып өтті. Сол жылы заңға өзгеріс енгізіліп, аталған мейрам шілденің 6-сына ауыстырылды. Себебі 1994 жылы 6-шы шілдеде елорданы Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы Қазақстанның Жоғары кеңесінің қаулысы шыққан болатын. Осылайша, бұл бастаманың іске асатынына сенбеген кеңес депуттары Президенттің туған күніне «сыйлық» болсын деп, қаулыны қабылдай салған. Алайда артынан осы қаулының негізінде ел тарихында елеулі өзгерістер басталды. Оған бүгінгі елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы куә.