04.07.2019, 16:06

«Жаның ашыса жаныма кел»: айтыскер Қостанайда қазақ мектебі жоқ деп үндеу жасаған Шораевқа жауап берді (ВИДЕО)

Айтыскер сөз басында облысы әкімі Архимед Мұхамбетке ауыр сөздер айтылған соң ғана видео-үндеу жасауды ұйғарыпты.

«Қостанайда 6 қазақ мектебі бар». Осылай деген айтыскер Әсия Беркенова Арман Шораевтың үндеуіне жауап берді. Облыс әкімін қызғызштай қоғаған өнер иесінің видеосын top-news.kz ақпараттық порталында жарияланды.

Айтыскер сөз басында облысы әкімі Архимед Мұхамбетке ауыр сөздер айтылған соң ғана видео-үндеу жасауды ұйғарыпты. 

«Жаның ашыса жаныма кел» дейді қазақ. Арман, Мұрат сияқты бауырларым сөзге еріп, Қостанайда 1 ғана мектеп бар деп жатыр екен. Елдің жағдайына жаныңыз ашып, ақиқатына жеткіңіз келсе, қалаға келіп, 6 қазақ мектепті, ашылайын деп жатқан тағы бір мектеппен таныс болуыңызды ұсынар едім сіздерге», – деді Әсия Беркенова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Арман Шораев Қостанайда 1 ғана қазақ мектебі бар екенін айтып, облыс әкімі Архимед Мұхамбетті «неге шалбар киіп жүрсің?» деп сынға алаған болатын.