Бүгін Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшыларына арналған семинар қорытындысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, кеңесте облыстар мен Астана, Алматы қалалары әкімдерінің аппарат басшылары қатысқан екікүндік семинар-кеңестің қорытындысы жасалды. Сонымен қатар, сайланған ауыл әкімдерін қоса алғанда, жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру, орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктердің айырмашылықтары, сондай-ақ Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу мәселелері талқыланды.
Президент Әкімшілігінің басшысы әкімдіктердің жұмысындағы анықталған кемшіліктерді жоюға және Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты нақты тапсырмалар берді.