25.07.2019, 08:03

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Кей жерлерде жел күшейеді, бұршақ жауып, аптап ыстық әлсіреуі мүмкін.

Алдағы күндері ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы төмендейді. 

Республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ жылу біртіндеп төмендей бастайды, ауа температурасы 33 ... 40 ° С аралығында болады.

Таяу күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде, батысында, солтүстігінде және шығыста жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейеді, бұршақ жауып, аптап ыстық әлсіреуі мүмкін.

Тек республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ жылу біртіндеп төмендей бастайды.

Тегтер: ауа райы