$ 442.05  474.14  4.74

Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі боп тағайындалды

Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Алғабас ауданында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Ерлан Айтаханов Ғабидолла Әбдірахымовтың орнына келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», делінген Жарлықта. 

Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Алғабас ауданында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. 

1994 жылы ММУ-ді тәмамдаған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі болды. 

Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan-да бастаған. Бір жылдан соң «Газойл» фирмасының қаржы директоры болды, содан кейін, ҚТЖ-да жұмыс істеді. 

1998 жылы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы директорының орынбасары болды. 

2009 жылы ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары, кейін Президент Әкімшілігінің инспекторы болып тағайындалды. 

2014 жылы Айтаханов Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды. 

Ал екі жылдан кейін ол Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары