$ 494.87  520.65  4.91

Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан президентіне көңіл айтты

Елбасы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке «Гюнешли» кенішінде болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта көптеген адамның зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, 4 желтоқсан күні кешке Каспий теңізінің Әзірбайжанға тиесілі бөлігінде орналасқан "Гюнешли" мұнай платформасында өрт шығып, салдарынан ондаған адам көз жұмды. Өрттен 32 мұнайшыны аман алып шығу мүмкін болды деп жазады Vesti.ru.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары