Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта көптеген адамның зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.Айта кетейік, 4 желтоқсан күні кешке Каспий теңізінің Әзірбайжанға тиесілі бөлігінде орналасқан "Гюнешли" мұнай платформасында өрт шығып, салдарынан ондаған адам көз жұмды. Өрттен 32 мұнайшыны аман алып шығу мүмкін болды деп жазады Vesti.ru.