$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан билігі әскери қоймадағы жарылыстан жапа шеккен Арыс қаласын қалыпқа келтіруді 20 тамызға дейін созды

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин 2 тамызда өткен жиналыстан соң "қаладағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды" деп хабарлады.

Қазақстан билігі әскери қоймадағы жарылыстан жапа шеккен Арыс қаласын қалыпқа келтіру мерзімін 20 тамызға дейін созды.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин 2 тамызда өткен жиналыстан соң "қаладағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды" деп хабарлады. Маминнің сөзінше, жарылыс кезінде зақымданған 7 516 үйдің 6 611-і жөнделген. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жазуынша, Мамин қалған 905 үйді 10 тамызға дейін жөндеп бітуді тапсырған.

"67 көп қабатты үй 20 тамызға дейін жөнделіп бітуі керек. 66 әлеуметтік нысан да сол уақытқа дейін дайын болуы тиіс. Осыған байланысты штабтар жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады" дейді Мамин.

Бұған дейін билік Арыстағы мыңдаған үйдің жөнделгенін айтқанымен, Азаттық сөйлескен кейбір тұрғындар "бұзылған үйлері әлі сол күйі тұрғанын" айтқан. Кеше, 1 тамызда Түркістан облысы Арыс қаласының әкімдігіне барған бірнеше тұрғын "жарылыс кезінде бүлінген үйлері жөнделмей жатқанына" шағымданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс