$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандының патриот жастары бірнеше медальді қанжығаларына байлады

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, партиот спортшылар жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында 31 медаль жеңіп алып, жалпы командалық бірінші орынға ие болды.

Кез келген мемлекеттің дамуына, әлем елдерінің алдында беделінің артуына патриот жастардың ықпалы өте зор. Олар спорт, мәдениет, білім саласында түрлі жетістіктерге жетуі мүмкін.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, партиот спортшылар жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында 31 медаль жеңіп алып, жалпы командалық бірінші орынға ие болды.
Жарыс Алматы қаласында 26-28 шілде аралығында өтті. Чемпионатта жеңіс медальдарына қол жеткізу үшін еліміздің ең мықты жеңіл атлеттері күресті. Үш күн аралығында спортшылар ерлер мен әйелдер арасында өткен 20 жеке спорт түрі мен екі эстафетада жарысты.
13 команданың ішінен жалпы сомасы 23494 ұпай жинап, Қарағанды облысының құрамасы үздік атанды. 
Қарағандылықтар 16 алтын, сегіз күміс және жеті қола медаль жеңіп алды.
Жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірінші чемпионаты 1992 жылы ұйымдастырылған болатын. Биылғы жылы сайыс 28-ші рет өткізіліп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары