$ 494.87  520.65  4.91

«Қылмыс болып саналады»: Атамбаевтың қызы желіде үндеу жолдады (ВИДЕО)

Айтуынша, дәл қазір оппозициялық телеарналар өшіріліп, құқықтық нормалар бұзылып, БАҚ-та жалған ақпарат тарап жатыр.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева әкесінің қамауға алынуына қатысты пікір білдіріп, желідегі парақшасында видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен суретшімін. Ешуақытта саясатқа араласып көрген емеспін. Алайда қазіргі биліктің жасап жатқандарына, әкемнің заңсыз ұсталуына қарап, аузымды жауып отыра алмаймын. Мен отбасым мен бейбіт тұрғындар үшін қорқамын», - деді Шагиева. 

Айтуынша, дәл қазір оппозициялық телеарналар өшіріліп, құқықтық нормалар бұзылып, БАҚ-та жалған ақпарат тарап жатыр. Сондай-ақ, ол әкесінің тек темір торға қамау үшін шақырылғанын айтты. 

«Шын мәнінде, әкемді оппозициялық әрекеттері үшін қамауға алғысы келді. Көптеген жақтасына қатысты да осылай жасағысы келді. Мысалы, Кубан Кулпатов пен Сапар Исаков. Оларды тергеуге қажетті куәлік аламыз деп шақырып, кейін тұтқындады. Әкем биліктен конституциялық соттың шешімін күтуді талап етті», - деді ол. 

Сондай-ақ, ол әкесінің бұл іске қатысты бар білгенін БАҚ-қа айтып қойғанын, қажет болса, куәлігін жазбаша түрде жолдауға әзір екенін жеткізді. 

«Әкем құқық арнасына кіріп, конституциялық соттың шешімі шықпайынша біздің өзімізді қорғауға құқығымыз бар екенін айтты. Кез келген экс президентті қолға түсіру әрекеттері автоматты түрде қылмыс болып саналады», - деді Әлия Шагиева.  

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін экс президент қызының әкесіне жазба арнағаны туралы хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары