$ 448.15  483.46  4.86

Жанболат Мелдешoв «Болашақ» президенті қызметінен кетті

Мелдешов ұйымды 2016 жылдан бері басқарған.

Жанболат Мелдешов "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның президенті қызметінен босатылды. Бұл туралы Facebook желісіндегі Bolashak scholarship administrator парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мелдешов ұйымды 2016 жылдан бері басқарған.

Хабарламада оның жетекшілігімен көптеген оң өзгерістер болғаны айтылды.

"Бірінші басшының жаңашылдық көзқарасы мен жұмысқа бар ынтасымен берілуінің арқасында Орталық шетелдік серіктестері арасында беделін нығайтты. Шетелдік ЖОО-лар бөлетін гранттар санын еселеп арттыруға қол жеткізілді. Бүгінде Қазақстан азаматтарында "Болашақ" стипендиясынан бөлек, тегін жоғары білім алуына мүмкіндік бар. Жыл сайын үздік ЖОО-лардан 20 мыңнан астам грант тартылады. Жанболат Мелдешов бүгінде сапалы білімге ұмтылған қазақстандықтар жемісін көріп отырған жобалардың бастауында тұрды", - делінген Facebook-тегі жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Болашақ