7-8 тамызда Қой-Таш ауылында болған оқиға аясында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың сыбайластарына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Кабар агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның бас прокуроры Откурбек Джамшитов мәлім етті.
Оның айтуынша, қылмыстық істер, атап айтқанда, жаппай тәртіпсіздік, тұтқынға алу, төрт іс – өлтіруге әрекеттену және бұзақылық бойынша қозғалған.
Бас прокурор тергеушілерден ведомствоаралық комиссия құрылғанын атап өтті.
Оның сөзінен белгілі болғандай, тұтқынға алу және жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша Фарид Ниязов, Алга Кылычев, Амантур Джамгырчиев және М. Шаменов ұсталды. Сот қаулысына сәйкес, олар 8 қазанға дейін тұтқынға алынған.
Откурбек Джашитовтың айтуынша, Атамбаев қару қолдану, жаппай тәртіпсіздік орнату, тергеуге кедергі келтіру, тұтқынға алу, 1 адамды өлтіру және өлтіруге оқталу ісіне қатысты күдіктеліп отыр.
Еске сала кетейік, 7 тамыз күні кешке Қой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінде А.Батукаевтың ісі бойынша тергеу органдарына күштеп әкелу кезінде қауіпсіздік күштері өкілдері мен бұрынғы президентті қолдаушылар арасында қақтығыс болды.
Салдарынан «Альфа» МҰҚК арнайы бөлімшесі басшысының орынбасары Үсен Ниязбеков көз жұмып, 40-тан астам адам жараланды.