13.08.2019, 22:55

Тірідей жемек болған: мас спортшы әтештің айдарын тістеп, жұлып алды

Қоғам да Ларральдың әрекетіне бей-жай қарай алмады.

Тауықты тістеп алған француз командасының ойыншысы үлкен көлемде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

Франциялық пелотари Биксант Ларральдтың тірі тауықты тістеп алған сәтте түсірілген видеосы жануарлар қорғаушыларының көзіне түсті. Видео маусым айында спортшының ағасы Аспарренедегі ойында жеңіске жеткеннен кейінгі отырыста түсірілген болуы мүмкін. 

Қоғам да Ларральдың әрекетіне бей-жай қарай алмады. Оны демеушіден айырып, командадан қуу туралы MesOpinions сайтында жарияланған петицияға 29 мың адам қол қойды. Бриджит Бардо қоры өз кезегінде спортшы жазаланатындай жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, сотпен қудалату ісіне 30 Millions d’Amis ұйымы да қосылғалы отыр. 

Ларральдтың айтуынша, «тауықты тістеген дұрыс емес және өз әрекеті қате» деп ойлайды. Францияда жануарларды қорлаған азаматтарға 30 мың еуро (12,4 млн теңге) көлемінде айыппұл салады.

Тегтер: спортшы