$ 444.22  476.38  4.82

10 мың хат жолдаған: бір әйелді күнде мазалай берген азамат ұсталды

Ер адамның хаттары қоқан-лоққы мен жыныстық мазмұнда болған.

Американың Флорида штатында ер адам таныс келіншекке 10 мыңнан астам хат жолдап, түрмеге түсті, деп хабарлайды КТК арнасы.

48 жастағы Николас Нельсон 5 сәуірден бастап 12 күн ішінде келіншекке 10 мың хат жолдаған. Ал келіншек болса, оны бірнеше рет қана көргенін, тіпті, онымен сөйлеспегенін айтады. Ер адамның хаттары қоқан-лоққы мен жыныстық мазмұнда болған.

«Сен екеуміз бірге өлеміз» десе, екіншісінде «Енді сенде болатын жалғыз еркек менмін», – делінген хатында.

Ер адамға қазір тағы бір келіншектің ізіне түсуі туралы айып тағылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары