16.08.2019, 20:14

Доллар бағамы арзандады

Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 386,7 теңге, ал ең жоғарысы – 387 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 386,82 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ге сілтеме жасап. 

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,29 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 386,7 теңге, ал ең жоғарысы – 387 теңге болды. 

Сауда көлемі 95,894 млн долларды құрады. Бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 387,11 теңгені құрады. 

Сауданың жалпы көлемі 105,187 млн доллар болды.

Тегтер: доллар