Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының қос бірдей орынбасары тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне; Ғалымжан Олжайұлы Пирматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.