$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдан арзан әрі жайлы пәтер табу үшін нені ескеру керек?

2019 жылы 22 тамызда Алматыда 1 шаршы метрді жалға алу құны орташа есеппен 2 460 теңгені құрады. Соңғы жылдары баға айтарлықтай өсе қойған жоқ.

Krisha.kz басылымы Алматыда бағасы қалтаға қонымды әрі жайлы пәтерді қаланың қай бөлігінен іздеп табуға болатыны жөнінде мақала жариялады, деп хабарлайды 24.kz

Сәйкесінше, уақытша жай, жатақханалар, жаңа салынған үйлер, элиталық апартаменттер көптеп кездеседі.

«Дегенмен, адамдар уақытша қоныс іздегенде бірқатар кедергілерге тап болады: қымбат, алыс, бос емес, пәтер «жарнамаға сәйкес емес». Осылай апталап іздеп жүріп, ақыры қалауына сай пәтер таба алмайды. Мұндай сәтсіздіктердің себебі де сан-алуан: дұрыс іздемеу, ақшаның жетіспеушілігі, аз уақытта көшу, келісімшарт жасау кезінде мұқият болмау, т.б», – дейді автор.

Сондықтан пәтер іздеуге кіріспес бұрын алдымен мына нәрселерді нақтылап алуға кеңес береді. Олар: бюджет, ауданы, аумағы, мерзімі, инфрақұрылымы. «Сіз үшін маңызды және екінші реттегі дүниелерді айқындап алу шарт. Сауда мониторингін бақылап отыруды да ұмытпаған жөн», – дейді ол. 

Нарық мониторингіне сәйкес, 2019 жылы 22 тамызда Алматыда 1 шаршы метрді жалға алу құны орташа есеппен 2 460 теңгені құрады. Соңғы жылдары баға айтарлықтай өсе қойған жоқ. Алматыда жалға беру құны төмен баспаналар Түрксіб ауданы (1 700 теңге/шаршы метр), Жетісу ауданы (1 800 теңге/шаршы метр) және Наурызбай ауданында (1 850 теңге/шаршы метр) орналасқан. Бір бөлмелі пәтерлер қаланың осы аталған аумақтарында 60 000-70 000 теңгеден басталады. Екі бөлмелі пәтерлер 80 000-90 000 теңге аралығында. Үш бөлмелілер 95 000-нан басталып, 120 000-ға дейін барады. 

Ал орташа баға Әуезов пен Алмалы аудандарында тіркелген. Мұнда бір шаршы метрдің құны 2 500 теңге тұрады. Ең жоғарғы баға Бостандық (3 450 тг/ш.м) пен Алмалы аудандарының бір бөлігінде (3 000 тг/ш.м). «Алтын квадрат» аталып кеткен (Гоголь - Сейфуллин - Қалдаяқов - Абай) аймақта жалға берілетін пәтердің бір шаршы метрі 3 400 теңгеден басталады. Айына 130 000 теңгеге жалға берілетін 1-2 бөлмелі пәтерді табудың өзі қиын.

Сондай-ақ, мақалада пәтер іздеу шараларын нәтижелі етудің негізгі принциптері ретінде талап қою кезінде объективті болу, нарыққа мониторинг жасап отыру және дер кезінде шешім қабылдай білу екендігі айтылған. 

«Сайтта жаңа хабарламалар жиі жарияланады. Сол себепті де жоғалып кетпес үшін оны «Таңдаулыға» қойып, үй иесіне дереу қоңырау шалған абзал», – дейді автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары