$ 498.34  519.72  4.85

Арыстағы жарылыс: Әскери бөлімнің командирі қамауға алынды

Ұсталған күдіктілер ҚР ҚК 462-бабы 3-бөлігінде қарастырылған (жарылғыш заттарды ұстау ережелерін бұзу), 453-бабы 2бөлігі (ауыр зардапқа апарып соққан немқұрайлылық) бойынша қамауға алынған.

Арыстағы жарылысқа қатысты әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ІІМ сілтеме жасап.

 «2019 жылдың 23 тамызында ІІМ Тергеу департаментінің қылмыстық істер жөніндегі Әскери-тергеу басқармасымен Арыс қаласындағы арсеналдың жарылу фактісі бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары – артиллериялық қару-жарақ сақтау базасының бастығы ұсталды», - делінген ІІМ хабарламасында. 

Ұсталған күдіктілер ҚР ҚК 462-бабы 3-бөлігінде қарастырылған (жарылғыш заттарды ұстау ережелерін бұзу), 453-бабы 2бөлігі (ауыр зардапқа апарып соққан немқұрайлылық) бойынша қамауға алынған. 

«Бүгін Түркістан облысы Арыс аудандық сотымен аталған адамдарды 2 айға «Қамауға алу» шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ.  

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс