26.08.2019, 11:40

«ЭКСПО және ЛРТ секілді «ақымақ» жобалардың кесірі»: Мұхтар Тайжан «нұротандықтарды» сынға алды

Оның ойынша, салынып жатқан керемет жерлердің барлығы халықтың ақшасына тұрғызылған.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан "нұротандықтарды" сынап тастады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол  биліктің партиясына айналған "Нұротанның" жасап отқан жұмысына "қарны ашатынын" анық көрсетті. Оның ойынша, салынып жатқан керемет жерлердің барлығы халықтың ақшасына тұрғызылған.

Мұхтар Тайжан өзінің Facebook-парақшасында елдің ахуалы нашарлағанына наразылық танытып, не үшін төмендеп бара жатқанымызға бірнеше дәлелдер келтіріп өтті.

"Иә, шынымен, "Нұротан" партиясы - бірнеше жылдан бері тек биліктің партиясы. Барлық жақсылық пен жамандық сол жерден бастау алады. Салынған әсемдіктің барлығы - халықтың ақшасы, өйткені мемлекетте басқа қаражат жоқ. Атап айтсам, Есентайдағы жағалау, саябақтар, жолдар, арықтар, Ашаршылыққа тұрғызылған ескерткіш және т.б. Жақсысы сол - сіздер біздің жалақымызға, сіздерге төлеп жатқан әр тиынымызға әлемді шулататын, көз қызығарлықтай ғимараттар салуға мәжбүр болдыңыздар. 

Сіздер тараптан жаманы дегенім:

1. Мемлекеттің үлкен көлемдегі қарызы. Оны кейін біздің балаларымыз бен келер ұрпақ өтейтін болады. 

2. Экспо және ЛРТ секілді "ақымақ" жобалардың кесірі. Бірнеше млрд-таған ақшаға салып, енді қазақстандықтардың күнделікті ішіп-жеуіне жеткізе алмай жатсыздар.

3. Көптеген аудан-ауылдарда мектеп, аурухана, ауыз су тапшы. Тіпті дәретхана десем де артық болмас. 

4. Бірнеше салалар құлдырап барады - т/ж, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау, ІІМ, әскер, зейнетақы жүйесі, банктер, мемлекеттік қаржыландыру және т.б.

5. Жастардың жұмыссыздық мәселесі олардың мәжбүрлі түрде елден қашуына үлкен себеп болып отыр. 

6. Бүкіл мемлекетті қамтамасыз ете алатын ірі компаниялар, бірақ та ол жерге тек "баке-сәкенің" ғана балаларын жұмысқа алады. 

7. Жері бойынша 9-ыншы орында тұрған мемлекетте бос жер телімі жоқ, өйткені барлық жер телімі "Нұротандықтардың" иелігінде. 

8. Мемлекеттен бөлінуге тиіс қаражатты көпбалалыларға қимайсыңдар, сіздерді олардың "бер,бер" дегені мазаны қашырды. Бірақ әр жыл сайын миллиардтап банктерге қаражат аударып жатсыздар. Оларға "сиыр бақ" деп айтпайсыздар, өйткені олардың басшылары "Нұротандықтар". 

9. Әкім, министр етіп құрметті "Нұротандықтың" балалаларын тағайындайсыздар. Себебі, Нұротанға адал және осы саясатты жалғастыратын адам керек. 

Кейде біз "Нұротан" мемлекеті секілді көрінеміз. Ал Нұротанды қолдамайтындар қалай күн көру керек? Біздерге тек билік басындағыларға қарап отыруды бұйырасыз ба?  Осы "нұротандық" саясат біздің елімізді құрдымға сүйрейтін. Қозғалатын уақыт жетті. Елімізді осындай жағдайға жеткізген - саяси монополия! Сіздер қалайсыздар ма, жоқ па - біз бұл жүйені өзгертуге бар күшімізді саламыз", - деп жазба қалдырды ол.