Алматыда тәртіп сақшылары адамдарды көлікпен әдейі қаққан оқиғаның қатысушысын ұстады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қаласының ПД тергеу басқармасының хабарлауынша, бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының 1995 жылғы тұрғыны тұтқындалды.
«Ол тұтқындалып, ҚР ҚПК 128 бабының тәртібі бойынша уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. А. есімді азамат қылмыс болған кезде ақ түсті "Тойота Камри" маркалы көлігін тізгіндегені анықталды. Иномарканы жүргізген азаматтың кім екені белгілі болды. Оны ұстау уақыт еншісінде.
Оған қоса, тергеу күдіктілердің әрекеттерін Қылмыстық кодекстің 24-бабы үшінші бөлігі мен 99-бабы екінші бөлігіне (өлімге қастанды) алмастырды. Қылмыстық істің материалдары аудандық полиция басқармасынан Алматы қалалық ПД тергеу басқармасына берілді. Бұл қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды ", - деді Тергеу басқармасының басшы орынбасары, полиция подполковнигі Дұман Аухадиев.