$ 447.4  477.55  4.76

«Лос-Анджелесте өмір сүру өте қымбат»: Головкиннің табысы отбасын асырауға ғана жетеді екен

«Маған аз ғана ақша керек. Отбасым мен балаларым үшін», – дейді ол.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин тапқан гонорарын қайда жұмсайтынын және қандай автокөлікпен жүретінін айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ, Fox News радиосына сілтеме жасап.

Сұхбат барысында журналист DAZN стриминг компаниясымен жасалған келісімнің боксшыға миллиондаған табыс әкелетінін тілге тиек етті.
Геннадий Головкин өз кезегінде бұл ақпарды жоққа шығармады және ақшаны қалай жұмсайтынын айтып берді.

«Маған аз ғана ақша керек. Отбасым мен балаларым үшін», – дейді ол.

«Үлкен «Роллс-Ройс» сияқты автокөліктер ше?» – деп қайта сұрады бағдарлама жүргізушісі.

«Менде бұрын болған (күлді). Қалжың, әрине. Мен ешқашан ондай заттар сатып алмағанмын. Лос-Анджелесте өмір сүру өте қымбат. Мен өз отбасым мен командамды жақсы көремін», – деді боксшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары