$ 444.22  476.38  4.82

Жұмыртқаны жарып шыққан тасбақаға тиіспеу керек

Олар жыл сайын жұмыртқа салу үшін жаңа жер іздеп, қалаға келген болуы мүмкін дейді мамандар.

Эквадордың Саме қаласында жаңа туған бір топ теңіз тасбақасы пайда болды. Қорғашан ортаны қорғау қызметкерлерінің сөзінше, шаһарға келген жорғалаушылар сирек кездесетін зәйтүн тасбақалары екен, деп жазады 24.kz.

Олар жыл сайын жұмыртқа салу үшін жаңа жер іздеп, қалаға келген болуы мүмкін дейді мамандар. Бірақ жаңа туған тасбақалар көбіне браконьерлерге жем болып жатады екен. Бұған қоса жануарларға қамқорлық жасауға ұмтылған туристер де тасбақаларды суға жеткіземін деп байқамай зиян тигізетін көрінеді. Сондықтан эколог мамандар жұмыртқаны жарып шыққан тасбақаларды көргенде оларға тиіспеуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тасбақа