Нұр-Сұлтанда 24 жастағы Әнуар Байзуров есімді азаматтан хабар жоқ. Ол Ұлы-Дала көшесіндегі "президенттік гараждар" учаскесіне жұмысқа кеткеннен қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елорда тұрғынының жоғалып кеткен жері Ұлы Дала мен Мәңгілік көшелерінің қиылысында орналасқан.
Жас жігіт 6 қыркүйек күні жұмысқа кетіп, алайда діттеген жеріне ақыры жетпеген.
Әнуарбармен болып жұмыс істеген. Оны қазіргі таңда іздеу жұмыстарымен полиция қызметкерлері мен еріктілер айналысуда.
Елорданың барлық аудандарында жас жігіттің жоғалғаны жайлы парақшалар ілініп, қала маңындағы саяжайлар мен гараждар тексерілуде.
Айта кетейік, Әнуардың үстінде қара былғары күрте, қара джинсы болған. Сонымен қатар аяғына қара түсті аяқ киім киген.
Өзімен бірге құжаттарын алып шыққан. Әнуардың бойының ұзындығы - 175 см. Оның көздері қоңыр, шаштары қара түсті.
Егер Әнуар Байзуровқа қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 нөміріне немесе 8 705 550 84 25, 8 771 905 76 27 телефондары хабарласуыңызды сұраймыз.