ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық» делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 10 қыркүйекте Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand» қонақүйінде өрт шығып, соның салдарынан 11 адам зардап шеккен еді. Жалпы, 6 өрт сөндіру қызметкері, 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген. Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат үйіне қайтты. Жарақат бекетіне 3 адам тасымалданды.
Оқиға орнында полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жұмыс істеп, тілсіз жауды ауыздықтады.