Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров уақытша тергеу абақтысына қамалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов хабарлады, деп жазады «Жас Алаш».
«Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаймыз, қазір ол уақытша қамау изоляторында. Қазір қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша айып тағылғанын қарастырып жатырмыз», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов әкім орынбасарының қай қызметі бойынша істі болып отырғанын айтпады. Тергеу құпиясы екен.
Бағдат Мәнізоровтың істі болғаны туралы ақпарат кеше шыққан болатын. Алайда, ресми органдар бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ еді.