29.09.2019, 17:20

«Еңбекқор ұлт болуымыз керек!»: президент халықты Еңбек күнімен құттықтады

«Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз» деп жазды Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, оның Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!» деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленген болатын.