işНорвегияның көші-қон ережесін бұзған Қазақстанның 45 азаматы депортацияланды. Бұл туралы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өткен брифингте сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.
Министрлік өкілінің айтуынша, "Қазақстанның 59 азаматы Норвегияға жұмыс іздеп барған, бірақ оларда тек туристік виза болған. Қазірге дейін 45-і Қазақстанға қайтарылған, қалған 14-і бүгін депортациялануы мүмкін".
- Норвегияға Шенген визасымен барып маусымдық жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Қазақстан азаматтарына Норвегияда [жұмыс істеуге] рұқсат ететін құжаттарды Норвегияның Ресейдегі елшілігі ғана береді, - дейді Айбек Смадияров.
Дереккөз: Азаттық