$ 498.34  519.72  4.85

Елбасы ұшақ апатына байланысты Малайзия премьер-министріне көңіл айтты

Елбасы Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметі бойынша, жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шын көңілден көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары