$ 494.87  520.65  4.91

«Президенттің өкілеттігі аяқталуға жақын» - Киселёв

Ал мұрагер кім болады дегенге келетін болсақ, әрине таңдауға сұранып тұрған адам жетерлік.
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

РФ президенті Владимир Путиннің өкілеттігі 2024 жылы аяқталады. Қазіргі Ресейдегі заң бойынша бір адам қатарынан екі мерзімнен артық президент бола алмайды. Осының өзі келесі жолы Путиннің "кететінін" білдіреді. Бұл туралы ММУ студенттері алдында сөйлеген сөзінде белгілі ресейлік журналист Дмитрий Киселёв айтты, деп хабарлайды Zakon.kz КП-ға сілтеме жасап.

"Путиннің өзі бұл мәселені таңертеңнен кешке дейін ойлағанын айтқан. Сондықтан бұл тосын жаңалық емес. Сонымен қатар, ол бұрын Президент болып, орнын босатқан болатын, өз мұрагерін дайындаған, Дмитрий Медведев келген билікке. Енді тура сол жағдай қайталануы мүмкін. Ол мұны өзі де бірнеше рет айтқан.

Путиннің өз артына мұрагер қалдырмауы жауапсыздық болар еді. Бұл - халықаралық тәжірибеде бар қалыпты жайт. Мысалы, Обама Хиллариді өзінің мұрагері етпек болып, дайындады. Әрине, оның сайланбай қалуы бөлек жағдай. Олланд Макронды ізбасары етіп дайындады. Ол сайланды. Си Цзиньпин де мұрагер. Меркель де ізбасарын іздестіріп жатыр. Сондықтан бұған таң қалудың керегі жоқ.

Ал мұрагер кім болады дегенге келетін болсақ, әрине таңдауға сұранып тұрған адам жетерлік. Бізде бәрі президент болғысы келеді. Халық кімге дауыс береді, мәселе сонда. Мәселен, Собчак өткенде небәрі 1,5 процент дауыс жинады", - деген тележүргізуші Ресейде "ел басқаруға ұмтылушы адамдар жеткілікті" екенін меңзеп қалды.

Сонымен қатар ол: "Бұл президентке қойылатын сұрақ: ол өзінің мұрагері кім бола алады деп ойлайды, сол жауап маңызды", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары